Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қабылбек Төретайұлы

Қабылбек Төретайұлы

Қабылбек Төретайұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны
Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. 

1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай түскен. Облыстық комсомол комитеті, Еңбекші аудандық, облыстық партия комитеттері мен облыстық атқару комитеттерінде қызмет істеген. 

1992 жылдан бері облыс әкімшілігі аппаратында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазір облыстық Мұрағат және құжаттама бөлімінің бастығы.

1981 жылы «Жетісай әуендері» атты ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері енді. 

1993 жылы «Қазығұрт – қайнарбұлақ» атты жыр жинағына, 1995 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жыр кітабына бір топ өлеңдері енген. «Бас басына би болғаннан сақтасын» деген кітабы «Жібек жолы» баспасынан, «Жан шуағы» атты жыр жинағы «Зерде» баспасынан 1996 жылы шықты. «Достар әні», «Жар назы», «Қызғалдақ дәурен», «Жауһазын ғұмыр», «Нұрлы наурыз», «Өмір – арман», «Періштедей пәк сезім», «Төле би», т.б. өлеңдеріне жазылған әндер облыстық, республикалық телерадио әуе толқындарында орындалып жүр.

Көп оқылғандар