Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Альберт Устинов

Альберт Устинов

Альберт Устинов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Альберт Устинов 1932 жылы 26 ақпанда Павлодар облысы, Качир ауданының Осьмерыжск селосында туған. 

Еңбек жолын 1955 жылы, Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастады. 1958 жылы Қазақстан ЛКЖО Качир аудандық комитетінің бірінші, 1959 жылы Павлодар облыстық комсомол комитетінің екінші, сонан соң бірінші, 1961–1965 жж. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы болған. Альберт Александрович 1965–1968 жж. КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқыды. 1968–1982 жж. партиялық жұмыста: Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1982–1986 жж. республикалық «Казахстанская правда» газетінің редакторы, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Филология ғылымдарының кандидаты, бірқатар әдеби сын кітаптардың авторы.
 
Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Море в капле. Критические статьи. А., «Жазушы», 1975, Новый человек: Идеал и реальность. Критико-публицистические статьи. А., «Жазушы», 1978; Точка опоры. Литературно-критические статьи. А., «Жазушы», 1982.

Көп оқылғандар