Илахун Ушуров 1941 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Ақтас селосында туған.
1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітіргеннен бері республикалық «Ұйғур авази» газетінде қызмет атқарып келеді.
Ақынның «Гүлдесте», «Әйел сыры», «Жүрек соғып тұрғанда» жыр жинақтары, «Бақытқа бастайтын жол» атты очерктер мен публицистикалық мақалалар кітабы жарық көрген.