Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
У
Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин)

Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин)

Уәйдаұлы Үмбетбай (Уайдин) 1935 жылы 10 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Темірастау ауылында туған. 

Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген (1965). 1957–1958 жж. Донбастағы Красный луч қаласында шахта құрылысшысы, 1958 жылы Шалқар аудандық газеті редакциясы жанындағы баспаханада баспашы (печатник) болған. Кейін Қазақ радиосы, «Ара–Шмель» журналы, Қазақфильм киностудиясы, «Өнер» баспасы, Қазақстан кітапқұмарлар қоғамы мен Жазушылар одағында әр түрлі қызметтер істеген. Көп жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде және Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балалар мектеп-интернатында ұстаздық етіп келеді. Ақтөбе облысы Шалқар, Ырғыз аудандарының Құрметті азаматы.

Жекелеген кітаптары орыс, украин, қырғыз, қарақалпақ, тува тілдеріне аударылған.

Қазақстан сатириктерінің «Найзагер» қауымдастығы президентінің орынбасары. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Қара көзілдірік. А., «Жазушы», 1969; Құрдым сиыр. Балаларға арналған суретті кітап. А., «Жазушы», 1971; Ендігісін айтпаймын. Әзіл-сықақтар. А., «Жазушы», 1978; Ішің білсін. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Контейнермен келген кемпір. Әзіл-сықақтар. А., «Жалын», 1978; Тілсіз қоңырау. Әзіл-сықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1980; Быды-быды. Әзіл-сықақтар. А., «Жалын», 1982; Нанайын ба, нанбайын ба? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984; Особая столичная простокваша. Сатирический сборник. А., «Жалын», 1984; Өмірге құштарлық. Публицистика. А., «Жазушы», 1985; Мәселе қайда жатыр. Публицистика. А., «Жазушы», 1987; Пәлен-пәштуан. Әзіл-сықақтар. А., «Жазушы», 1992; Алло, бұл кім? Сахналық сатира. А., «Өнер» 1991; Мәңгілік мәселе. Публицистика. А., «Рауан», 1993; Атың кім, әй? Әзіл-сықақтар. «Қожанасыр» баспасы, 1995; Знакомство по объявлению. Сатира. Общий сборник. 1986; Әумин! Өлеңдер жинағы. «Өлке», 2001; Сен кімге күлесің. Сатира. А., «Ана тілі», 2003; Біз былай байығанбыз. Сатира. «Ана тілі», 2005; Оңашадағы ойлар. Қанатты сөздер. «Нұрлы әлем», 2005; Әдеп әлемі. Танымдық-тағлымдық педагогика. «Ана тілі», 2008.

Көп оқылғандар