Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сафаржан Хайдаров

Сафаржан Хайдаров

Сафаржан Хайдаров
Рейтинг:
Өмірбаяны
Сафаржан Хайдаров  (1924–1972) 

Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Сексенбай ауылында туған. 

1942 жылғы тамызда әскер қатарына шақырылып, төрт жарым жыл Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген. Бейбіт күндерде алдымен Қостанай облысы, Семиозер аудандық газетінің редакциясында жауапты хатшы, кейін облыстық «Большевиктік жол» газетінің редакциясында жауапты хатшы болып істеді. 

1952 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін Қостанай қаласында 1955 жылға дейін облыстық «Коммунизм жолы» газетінің редакторы болып қызмет істеді.

1955–1957 жж. КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды. Оны бітіргеннен кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы болды. 

1959–1962 жж. республикалық «Қазақстан коммунисі» журналы редакциясының редколлегия мүшесі және жауапты хатшы қызметін атқарды. 

1962–1965 жж. Тың өлкелік кеңесінің органы – «Тың өлкесі» газетінің редакторы болды. 1966 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, қараша айында «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалады. Осы қызметте өмірінің соңына дейін болды.

1967 жылы «Азамат келбеті», 1971 жылы «Азамат сыры» атты очерктер жинағы жарық көрді. Араб жазушысы М.Таймұрдың әңгімелерін, жазушы Б.Бхаттачарияның романын, түрік жазушысы Ф.Эрдинчтің «Алланың айуандары» деген әңгімелер жинағын, орыс жазушылары Тихоновтың, Алексеевтің, Панованың әңгімелерін аударды.

Бірнеше медальмен және Грамоталармен марапатталған.

Көп оқылғандар