Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қадыр Хасанов

Қадыр Хасанов

Қадыр Хасанов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Қадыр Хасанов (1912–1976)

Сәуір айында Алматы қаласында туған. 

Ұйғыр жазушысы, драматург, Қазақ педагогика институтын бітірген (1934). «Қәмбәғәлләр авази» газеті (1930–1931) редакциясында, Қазақ мемлекеттік баспасында (1938–1943) істеді. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1939–1949, «Шәрқ хәқиқити» журналының жауапты хатшысы (1943–1946), Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйғыр-дунган мәдениеті бөлімінің меңгерушісі (1946–1949) болды.

Алғашқы өлеңдер жинағы – «Социализм жыры» 1934 жылы жарияланды. «Бағбан» (1943), «Ұйғыр әуендері» (1950), «Назугум» (1963), т.б. өлеңдер жинағы, «Манан» (1939), «Гүлстан» (1941), «Ауруын сұрасаң» (1959), «Өмір жолымен» (1961), «Назугум» (1970) пьесалары жарық көрген. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы шығармалар жинағы шықты.

«Шоқан Уәлиханов – ұйғыр мәдениетін зерттеуші» (1963), «Абдулла Розыбақиев туралы» (1974), «Гүлстан» (1975), т.б. ғылыми-зерттеу еңбектер, оқулықтар жазды. Орыс классиктерінің және туысқан халықтар әдебиетінің біраз шығармаларын ұйғыр тіліне аударды.

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Көп оқылғандар