Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
И
Иген Хасенұлы

Иген Хасенұлы

Иген Хасенұлы
Рейтинг:
Өмірбаяны
Иген Хасенұлы 1942 жылы 18 шілдеде қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылында туған. 

Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1965). 1965–1970 жылдары республикалық халық шығармашылығы үйінде сахналық шағын туындылар қабылдау кеңесінің редакторы, 1971–1998 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясында (қазіргі Қазақ энциклопедиясы) аға редактор, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың 1-орынбасары қызметін атқарды. 1998 жылдан «Атамұра» корпорациясында энциклопедиялық басылымдар редакциясының меңгерушісі.

«Шаңырақ» атты үй шаруашылығы энциклопедиясының, «Ол кім? Бұл не?», «Негеш» деп аталатын балалар энциклопедиясының редакциялық жұмысын басқарды.

«Жақсы көке», «Кедей кесір», «Лоторея», «Таскене», «Не жазығым бар еді?» деп аталатын бір актілі пьесалар, «Шаңқобыз» сынды хикаяты, «Үйреншікті шаруа» (В.Белов) және «Орджоникидзе» (И.Мухадзе) атты аударма кітаптары жарық көрді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.

Көп оқылғандар