Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Михаил Чистяков

Михаил Чистяков

Михаил Чистяков
Рейтинг:
Өмірбаяны
Михаил Чистяков  (1917–2006)

1 қыркүйекте Башқұрт АКСР-і Байкибалиев ауданы, Ургуш селосында туған. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1934 жылы Семей геологиялық-барлау жұмысшы факультетіне түседі. 1950 жылы Семей педагогикалық институтын бітіріп, мектепте ұстаздық етеді. 1965 жылдан облыстық «Рудный Алтай» газетінің әдеби қызметкері болып істеген. Жеті өлеңдер жинағы шыққан.
КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. «Жол» атты жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығына ие болған.

Шығармалары: Яков Ушаков. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1961; Стихи. А., 1965; Усть-Камень. Стихи. А., «Жазушы», 1969; Иртыш. Стихи. А., «Жазушы», 1974; Солдатская память. Стихи. А., «Жазушы», 1976; Алтай. Стихи. А., «Жазушы», 1978; Дорога. Стихи. А., «Жазушы», 1984.

Көп оқылғандар