Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Аманжол Шамкенов

Аманжол Шамкенов

Аманжол Шамкенов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Аманжол Шамкенов (1927–2004)

20 шілдеде Павлодар облысы, Ертіс ауданында туған. 

1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Радио комитетінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті көркем әдебиет редакциясында, «Жазушы» баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында директорлық міндет атқарды.

Тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы басылып шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты көп актілі пьесалары сахнада қойылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.

Пушкиннің, Лермонтовтың, Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтің бірқатар өлеңдерін, Г.Тушканның «Жора» романын, Н.Хикметтің «Әпенде», М.Шатровтың «Большевиктер», В.Розовтың «Өмір жолдары» атты пьесасын қазақ тіліне аударды. Оның аудармасында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің лирикасы жеке кітап болып шықты.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

Көп оқылғандар