Любовь Шашкова 1951 жылы 28 қарашада Беларусь Республикасының Могилев облысы, Пармческий ауданы, Василевка деревнясында дүниеге келген.
1981 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Темиртауский рабочий» газетінде, республикалық Қазақ радиосында, «Жазушы» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші сияқты жауапты жұмыстар атқарған. Қазір «Казахстанская правда» газетінің тілшісі және «Простор» журналында поэзия және сын бөлімінің редакторы.
«Жар души своей», «Пора подсолнухов», «Ты есть – Я», «Диалоги с надеждой» (3 томдық таңдамалы шығармалары) жинақтарының авторы.
Бірқатар қазақ ақындарының жырларын орыс тіліне аударған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.