Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
О
Омар Шипин

Омар Шипин

Омар Шипин
Рейтинг:
Өмірбаяны
Омар Шипин (1879–1963) Қостанай облысы, Обаған ауданында (қазіргі Қостанай ауданы) туған. 
 
 
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы. 
 
 
Алғашқы өлеңдері осы тұста ел аузына ілікті. «Арман», «1916 жылғы», «Амангелдінің айбаты», «Торғай соғысы» толғауларынан «Амангелді батыр» дастанына дейінгі көптеген шығармаларын халықтың патша өкіметіне қарсы күресіне арнады. «Патша тақтан түскенде», «Октябрь нұры», «Ақын үні», т.б. жырларымен жаңа заманды шаттана қарсы алды. 
 
 
1943 жылы Ленинград майданына қостанайлықтардың сәлем-сауқатын апарып қайтқан делегация құрамында болды. Отан қорғау, бейбітшілік, тың игеру тақырыбына талантты жырлармен үн қосты.
 
 
«Масаты қыз», «Қойшы Күлен», «Жеткіншек», «Сыбызғы үні» дастандарында қазақ халқының өткендегі күрделі тағдырын суреттеді. Шығармаларының 10 жинағы жарияланды. Орыс тілінде де («Стихи и песни», 1954) басылып шықты. 80 жасқа толуына байланысты мерейтойы (1959) өтті. 3–4-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
 
 
Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1961 жылы «Қазақ КСР-інің халық ақыны» құрметті атағы берілді.

Көп оқылғандар