Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
И
Иван Шухов

Иван Шухов

Иван Шухов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Иван Шухов (1906–1977) Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов стансасында туған. Петропавл педагогика техникумында, содан соң Омбы рабфагінде, Мәскеудегі Әдебиет институтында оқыған.
 
 
20-жылдары баспасөзде журналист-очеркист ретінде көрінді. «Горькая линия» романы 1931 жылы екі кітап болып шыққан. Одан кейін «Октябрь» журналы «Ненависть» романын жариялады. 1935 жылы «Родина», кейінірек «Действующая армия» романдарын жазды. 
 
 
Ұлы Отан соғысы жылдары Преснов аудандық газетінің редакторы болды. Сол кездері «Письма Сибирским казакам» атты повесі дүниеге келді. 50-жылдардан бастап оның жаңа кітаптары «Покорители целины», «Золотое дно», «Целинные будни», т.б. бірінен кейін бірі жазылды. Біраз жылдар бойы «Простор» журналының бас редакторы, КСРО Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі болды.
 
 
Орыс оқырмандарын М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, Ғ.Мүсіреповтің бірқатар шығармаларымен таныстырды.
 
 
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976).
 
 
Алматы қаласындағы бір көше, №53 мектеп, Петропавл қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Преснов стансасындағы мектеп оның есімімен аталады. Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық мұражай үйі ашылған. 
 
 
Шығармалары: Бес томдық шығармалар жинағы. А., «Жазушы», 1981–1983.

Көп оқылғандар