Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мира Шүйіншәлиева

Мира Шүйіншәлиева

Мира Шүншәлиева 1967 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы (қазіргі «Бөкей орда»), Бисен ауылында туған. 

А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тамамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы аудандық «Орда жұлдызы» газетінен бастаған. Облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газетінде еңбек еткен. Қазір облыстық қоғамдық-саяси «Жайық үні» газетінің бас директоры, бас редакторы.

2003 жылы «Арыс» баспасынан «Махаббат бағы» атты тұңғыш кітабы жарық көрген. «Шүберек қуыршақ» (2006), «Жүректегі құпия» (2009) атты жинақтардың авторы. Әңгімелері «Қос ішек – Струны душы» (2000), «Ақ желкен» (2001), «Жыр Жайық» (2003), «Жайықтың мөлдір сырлары» атты ұжымдық жинақтарға енген. 

2001 жылы республикалық деңгейдегі ХХІ ғасыр «Ғажайып әйел» байқауының «Үздік әңгіме» номинациясының бас жүлдегері. 2002 жылы Халықаралық V «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталған.

Көп оқылғандар