Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Нұрғазы Шәкеев

Нұрғазы Шәкеев

Нұрғазы Шәкеев
Рейтинг:
Өмірбаяны
Нұрғазы Шәкеев (1929–2008)

10 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданына қарасты «Кіндікті» деген жерде туған. 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясына әдеби қызметкер болып қабылданды да, осында көп жылдар бойы бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Бірнеше жыл бойы «Мектеп» баспасының, сатиралық «Ара – Шмель» журналының, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакторы және осы комитеттің Алқа мүшесі болып істеді. Сосын «Қазақ совет энциклопедиясында» жауапты хатшы, «Кітап жаршысы» газетінің бас редакторы болды.

Очерктері 1965 жылы «Менің таныстарым» деген атпен жеке кітап болып шықты. Көркем әдебиет, баспасөз мәселелеріне, тіл мәдениетіне арналған әдеби сын, проблемалық мақалалары «Журналист және өмір», «Тіл мәдениеті және баспасөз» кітаптарында жарияланды. Н.Гогольдің, И.Тургеневтің, Н.Тихоновтың шығармаларын, армян жазушысы Нар-Достың, венгр жазушысы Т.Деридің, болгар жазушысы С.Продевтің, үнді жазушысы К.Чандрдың әңгіме -повестерін, молдаван жазушысы А.Лупаның «Таң сәрі» романын, Н.Лесковтың таңдамалы шығармаларын тәржімалаған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 1967 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген құрметті атақ берілген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).

Көп оқылғандар