Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Н
Нұтфолла Шәкенов

Нұтфолла Шәкенов

Нұтфолла Шәкенов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Нұтфолла Шәкенов (1928–1983)
 
10 қарашада Павлодар облысының Ермак (қазіргі Ақсу) ауданындағы №9 ауылда туған. 
 
1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскен. Осы кезден бастап өлең, очерк, мақалалары баспасөз бетінде жариялана бастаған. Студент бола жүріп, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, сосын «Пионер» журналында қызмет істеді. Университетті бітіргеннен кейін 20 жыл бойы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы болған. Одан кейін Қазақ радиосында әдеби-драмалық хабарлар редакциясының Бас редакторы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жауапты хатшы, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, жас әдебиетшілер жөніндегі жауапты хатшы қызметтерінде болған. 
20-дан астам кітабы шыққан, жүздеген ән мәтіндерінің авторы.
 
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
 
Шығармалары: Біздің жыр. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1949; Жүрек сөзі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Орамал. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1958; Сурет. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Айгүл. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1961; Ночные огни. Стихи. М., «Советский писатель», 1964; Менің гүлім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Суюнши. Стихи. А., «Жазушы», 1968; Толқындар. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1970; Сақина. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жүз ән. Ән текстері. А., «Жазушы», 1973; Бел-белестер. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1974; Байқал. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Жан сәуле. Ән мәтіндері. А., «Өнер», 1984.

Көп оқылғандар