Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ә
Әли Ысқабаев

Әли Ысқабаев

Әли Ысқабаев
Рейтинг: 5
Өмірбаяны
Әли Ысқабаев 1939 жылы 6 мамырда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Күйген ауылында дүниеге келген. 

1966 жылы ҚазМУ-ді, 1969 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Жиделі» совхозында қарапайым жұмысшылықтан бастап, 1958 жылы Балқаш аудандық газетіне әдеби қызметкерлікке қабылданған. 

1973–1974 жылдары республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі міндетін атқарды. 

1975–1992 жылдар аралығында Талдықорған облыстық «Жерұйық» газеті редакторының бірінші орынбасары, 1992–1999 жылдары Талдықорған облыстық полиграфия өндірістік бірлестігінің бас директоры, 2000–2006 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының орынбасары болып істеді. 

2006 жылдан «Мемлекеттік тіл» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы. Қазір «Алатау» газетінің бас редакторы.

«Айдостың арғымағы», «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Бесік жыры» , «Еңбекқор құмырысқа» жыр жинақтарының, «Бейтаныс қыз», «Жәлменде-Пышан», «Ана алақаны» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы. «777 жұмбақ», «Тіл мен жыр», «Әубәкіровтер әулеті», «Тұғырлы тұлға» (2009), «Зейіні зерек зиялылар» атты кітаптары шыққан. 

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Көп оқылғандар