Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Б
Бақыткерей Ысқақов

Бақыткерей Ысқақов

Бақыткерей Ысқақов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Бақыткерей Ысқақов 1945 жылы 9 мамырда Қостанай облысы, Арқалық ауданындағы Қайыңды ауылында туған. 

1968 жылға дейін Аманкелді, Арқалық аудандарында жүргізуші болып еңбек еткен. 

1972 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының нұсқаушысы, 1975 жылы Баспа комитетінде аға редактор, 1976 жылы «Жалын» баспасының балалар әдебиеті редакциясында, 1979–1994 жж. «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет істеді. Аманкелді ауданының Құрметті азаматы (1995).

Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» атты жинаққа енген. Татар ақыны М.Хұсайыновтың «Сүйемін сені», монғол ақыны Ж.Дашдондогтың «Күншуақ» атты өлең кітаптарын аударған. Сондай-ақ Т.Шевченко, Тоқтағұл, М.Исаковский, Б.Слуцкий, В.Кулемин, Я.Козловский, О.Фокина, М.Познанская, т.б. ақындардың өлеңдерін аударуға қатысты. Өлең-жырлары орыс, татар, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Бірнеше дүркін республикалық, аймақтық жыр мүшәйраларының жүлдегері.

Шығармалары: Ғашық жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Тәкаппар таулар. Өлеңдер мен поэма. А., «Жалын», 1979; Маржан тұма. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982, Шыршалы шың. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1982; Жол айырығы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Найзағай жарқылы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Бұлттар таудан тарайды. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1989; Бұлттағы бұлақ. Таңдамалы өлеңдер. А., «Жазушы», 1992; Той төбе. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1996; Бес тас. Өлеңдер. А., «Балауса», 1993; Разбег. Стихи. А., «Жалын», 1986; Горная высь. Стихи. А., «Жалын», 1988; Жүрегім жұлдыздар ұясы. Аст., «Фолиант», 2004; «Тәңір құсым». «Мектеп», 2005; «Күн – ілгері». «Мектеп», 2009.

Көп оқылғандар