Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мырзағали Іңірбаев

Мырзағали Іңірбаев

Мырзағали Іңірбаев
Рейтинг:
Өмірбаяны
Мырзағали Іңірбаев 1952 жылы 19 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында туған. 

1971 жылы Ақтөбе теміржол училищесін, 1981 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 1988 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген
Маңғыстау облыстық «Маңғыстау» газетінде бас редактордың орынбасары, обкомның, аупарткомның нұсқаушысы, бөлім бастығы, «Маңғыстау мұнайгаз» ААҚ бөлім бастығы болып қызмет істеген.

Өлеңдері «Балауса», «Бес қоңырау», «Қарлығаш», «Жетіген» ұжымдық жыр жинақтарында жарияланған. «Туған ел» (1999), «Уақыт астындағы тамырлар» (2002) кітаптарының авторы. 2008 жылы «О, данышпан дүние» атты 3 томдығы жарық көрген..

Көп оқылғандар