Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Марат Ілясов

Марат Ілясов

Марат Ілясов
Рейтинг:
Өмірбаяны
Ілиясов Марат (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші.
 
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. Шымкенттің әл-Фараби атындағы мәдениет институтын, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет Академиясының «мемлекеттік басқару саласын» бітірген. 

Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастап, Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды. 

Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған «Кең мекенім», «Құстар келді», «Өз елім», «Ана тілі», «Шілде», «Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді. Лирикалық сазды әуендер санатына жататын «Мен саған өкпелемеймін», «Құштарым сен», «Арманға бірге барайық», «Аққуымды аяла», «Сені ойладым», «Мерекем сен», «Бір өкініш, бір үміт», «Қимас қалқам», «Ақ ботам», «Сұлуым», «Сезім» сияқты әндері Ілиясовті кең танымал композитор санатына жеткізді. «Дала дастарқаны», «Ерлікке ескерткіш», «Балуан Шолақ» әндері сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді. Ілиясов республикалық «Дарын» сыйлығының, Республикалық жас композиторлар конкурсының және «Жігер» фестивалінің әлденеше дүркін лауреаты атанды. 

1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы жеке күйтабаққа түсіріліп таратылды. 

1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.

Көп оқылғандар