Айнұр Әбдірәсілқызы
Айнұр Әбдірәсілқызы 1976 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР Дін істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарады. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы. «Мезгілсіз дәурен», «Хикмет-ғұмыр» атты өлең жинақтары, «Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі» атты монографиясы, «Қожа Ахмет Ясауи» атты библиографиялық көрсеткіші, «Дін. Дәуір. Дәстүр» атты зерттеулер жинағы жарық көрген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры қызметін атқарады.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
