Оңайгүл Тұржан
Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан 1955 жылы 22 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 1972 жылы сол аудандағы орта мектепті бітіріп, 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірген. Еңбек жолын Алматыда Қазақ Мемлекеттік Телерадио Комитетінде режиссердың ассистенті қызметімен бастаған.
1982-84 жылдар аралығында Қарағанды облыстық Телерадиосында редактор-комментатор, 1985-1990 жылдар аралығында Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990-1995 жылдар аралығында Алматы қаласында республикалық «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1997-2000 жылдар аралығында Алматыдағы республикалық «Қазақстан» баспасында редактор-менеджер болып жұмыс істеді.
2000 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Телерадио және PR» кафедрасының доценті қызметінде. Филология ғылымдарының кандидаты, «Махамбет өлеңдерінің поэтикасы» атты монографиясы, «Шерқала» (1998),«Жыр-дала» (2001), «Теңіздер де шөлдейді» (2003), «Жыр кітабы» (2005) атты өлең жинақтарының авторы. Стефан Цвейгтің, Зигмунд Фрейдтің еңбектерін қазақшаға аударған.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4231
22.10.2026
1843
26.10.2026
1555
28.10.2026
1385
22.10.2026
1139
22.10.2026
854
27.10.2026
838
26.10.2026
761
27.10.2026
735
22.10.2026
692
28.10.2026
557
22.10.2026
431
28.10.2026
399
21.10.2026
4376
22.10.2026
4231
20.10.2026
3369
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2282
05.10.2026
2279
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2114
