Өмірзақ Қожамұратов
Өмірзақ Қожамұратов – 1936 жылы 6 наурызда Өзбекстанның Бұқара облысы, Тамды ауданында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды. Елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде өлеңдері жарық көре бастаған. Орыс дойбысы бойынша құрметті дипломант, көптеген аймақтық бүкілодақтық (Одесса, Вильнюс, Бұқара, т.б.) жарыстардың жүлдегері. «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарыққа шығарған «Жиделі Байсын» (1966), «Таңғы дауыс» (1971), «Жол аяқталмайды»(1981), «Ой кешу»(1989), «Күн астында – құдірет» (1998), «Суреттегі жұмбақтар» (1998) жыр жинақтары жарық көрді. Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
