Марғасқа жырау
Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ.)– ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы. Жалпы жыраудың өмірі, шығармашылығы туралы бізге жеткен деректер тым аз. Дегенмен қолда бар деректерге қарағанда Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Қилы замандарда шапқыншылықтар мен жорықтардан халықтың жанын сақтап, малын қорғау ханмен қатар осы тұлғалардың да жауапкершілігінде болған. Есім ханның жорық жырауы ретінде елдің тыныштығы үшін аянбай еңбек еткен ол халықты жəбірлеген мейірімсіз хандарды аяусыз сынаған. 1627 жылы Ташкент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
