Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Кендірбекұлы
Ахмет Кендірбекұлы 1956 жылы 25 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы Бұлақты ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетін 1977 жылы бітірген. Алакөл ауданындағы Көктұма орта мектебінде мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1981-1985 жылдары мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1990 жылға дейін Алакөл аудандық «Жаңа өмір» газеті редакторының орынбасары, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, 1992-1997 жылдары Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, 1999 жылға дейін Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасында редактор, Қазақ мемлекеттік ақпарат институтында аға редактор. 1999 жылдан бастап Алматы облысы әкімінің аппаратында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматы облысы әкімдігінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бастығы. Қазір Алматы облысы әкімдігінің Тіл басқармасының бастығы.
Өлеңдері басылымдарда жиі жарияланады. Ойтұмар («Талдықорған», 1991); Көкпар («Жазушы», 1996); Зер («Арыс», 2003), «Жылдар сөйлейді» атты жыр кітаптары бар. Сондай-ақ республикалық баспалардан «Аққулы айдын», «Армысың, ата тарих – Аңырақай» және «Жетісу жауқазындары» кітаптарын құрастырып шығарған. Ақынның сөздеріне жиырма шақты ән жазылған.
«Халық батырлары» жылының лауреаты. Қазақстан Журналистер одағының Құрмет Грамотасымен, «Тәуелсіздіктің он жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен (2009) марапатталған. Алматы облысы, Алакөл ауданының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
2272
Қауышу мен қоштасу жайлы...
03.04.2025
1471
Черчилль және соғыс
04.04.2025
707
Есбол Нұрахмет: Бұл роман қазақтың отарлану тарихы
07.04.2025
556
Әмірхан Балқыбек. Түгел сөздiң түбi бiр, түп атасы Тәңiрi
08.04.2025
267
Асқар Алтай. Жан әлемің жайдақтанбасын
09.04.2025
115
«Тілеулері дұрыс екен, айт күні қайтты!..»
28.03.2025
4632
Кобо Абэ. Басқыншылар
12.03.2025
2933
Сағымбай Жұмағұл. Міржақып нақылдары
17.03.2025
2513
«Бәріне қу соғыс кінәлі...»
04.04.2025
2272
Мо Янь. Үрей мен үміт
11.03.2025
2122
НАРҚЫЗЫЛ (Он орам) I бөлім
01.04.2025
1912
Ділдәр Мамырбаева. Мұғалім – робот – Шұғыла
12.03.2025
1746
Айым Алтайқызы. Бір миллион теңге (әңгіме)
19.03.2025
1698
Әлібек Байбол. Тоқаш туралы толғам
11.03.2025
1641
Асқар Алтай. Тағдыр тақтасы (Эссе)
17.03.2025
1606
Рысбек Зұрғанбайұлы: ...Өлім алдындағы өтініш
26.03.2025
1513
Шоқан Шортанбай. Қуандық Шаңғытбаев поэзиясындағы азаматтық әуен
27.03.2025
1506
Қауышу мен қоштасу жайлы...
03.04.2025
1471