Бекет Ата Мырзағұлұлы
Бекет Ата Мырзағұлұлы (шамамен 1750-1813) - қазақтың батыры, қолбасшы, ағартушысы, ойшылы, сәулетшісі. Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған. Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына төн жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
біріншісі - халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр;
екінші - ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы;
үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші;
төртінші - мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, «Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет» деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын.
Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекет батырға оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді жөне оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған.
Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан.
Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр. Іс-әрекеті мен қадір қасиеті аңызға айналған Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
Бекет ата ескерткіштері - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Эдуард Эверсман, Александр Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.
Эдуард Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда», - дейді. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар.
Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.
Дерек көздері:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том,
«Тарихи тұлғалар» кітабы.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Франц Кафка. Кезқұйрық
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Маржан Ершу. Пишта
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Сен маған керексің
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке