Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Құлмамбет Құланаян

Құлмамбет Құланаян

Құлмамбет Құланаян
Рейтинг:
Өмірбаяны
Құлмамбет, Құланаян Құлмамбет (1826, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы Күрметті ауылы – 1906, қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы) – айтыс ақыны.
 
Жетісуда Сүйінбай бастаған айтыс мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Албан ішіндегі Қызылбөрік руының Құланаян атасынан шыққан, Құлмамбеттің Құланаян атануы да содан. Құлмамбет жас кезінен өлең-жырға құмар болып өскен.
 
Жетісу өңіріне әйгілі Шалабай, Асан молда, Көдек, Қойдым, Бөлтірік, Майлы, Қапез, Әбен, Сәдіқожа, Әсел, Шарғын, т.б. ақындар Құлмамбет ақыннан өнеге алып, ұстаз тұтқан. Кемеліне келген шағында Түбек, Жанақ, Бақтыбай, Тезек, Майкөт, Уәзипа қыз, Жамбыл тәрізді айтыс майталмандарымен, қырғыздың Қаламқас, Тұрсынай қыздарымен айтысқан.
 
Құлмамбет “Мың бір түн”, “Қыз Жібек”, “Рақымжанның зары”, “Мұңлық-Зарлық”, “Туғанбай мен Қоңырбай”, т.б. дастандарды жырлаған.
 
Құлмамбеттің айтыстары Жамбылдың жинақтарында, С.Сейфуллиннің алғы сөзімен “Жаңа мектеп” (9.10. 1926) журналында, 1942, 1964, 1965, 1988 жылдары жарық көрген “Айтыс” жинақтарында жарияланған. Шығармалары “Сөзімнің қыл сыймайды арасына” деген атпен 1998 жылы жарық көрді. Ақынның өмірі мен шығарм. жөнінде М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Н.Төреқұлов, М.Қаратаев, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, т.б. ғалымдар зерттеулер жазды. Құлмамбеттің туындылары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылым кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында, Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталықтарында сақтаулы

Көп оқылғандар