Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Шашубай Қошқарбайұлы
Шашубай Қошқарбайұлы (1865, қазіргі Қарағанды облылысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылы — 4.5.1952, сонда) — халық ақыны, әнші, композитор, Қазақ КСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1941). Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, өлең шығарып айтуға, серілік құруға әуестенген. Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз сияқты Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Шашубайдың цирктік өнермен де атағы шығып, серілікпен ауыл аралап, ел алдында өзінің сан қырлы талантын көрсетті. Шашубайдың ел арасында “Майда қоңыр”, “Жетім қыз”, “Ақ қайың” (екі түрі бар), т.б. әңдері кең тараған. Ақын өз қызметінде ауыз әдебиеті үлгілерін кеңінен насихаттап, жұртшылыққа таратқан; қисса-дастандар мен толғауларды жатқа айтқан. Олардың ішінде, әсіресе, “Ақтамберді”, “Қамбар”, “Сұраншы-Бөкей” дастандарын көп жырлаған. 1909 жылы Жетісуға келіп, Жамбылмен айтысқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жаңа заман талабына сай өндіріс пен өнеркәсіп тақырыбына көбірек үн қосып, Қарағанды, Қоңырат, Балқаш кеншілері өміріне көптеген шығармаларын арнады. 2-дүниежүзінде соғыс жылдары майдан мен тыл өмірін жырлаған ерлікке толы патриоттық жырларымен көзге түсті. 1943 жылы Қарағандыда өткен облыс ақындары айтысын бастаушылардың бірі болып, Көшен Елеуовпен айтысты, 1944 жылы Болман Қожабаевпен сөз сайысына түскен. Шашубай қазақ әдебиеті тарихында мысал айтысты шығарудың тамаша шебері ретінде атағы шықты. Оның бұл талантына М.Әуезов жоғары баға берді. Шашубайдың таңдамалы шығармалар жинағы екі рет басылды. Шығармалары ақындардың жалпы жинағында, “Айтыстың” 3-томында (1966) жарияланды.
Шашубай Абай шығармаларын кеңінен насихаттап, ел арасына таратады, өзіне ұстаз тұтып, ақындық талантына еліктейді. Бұл ретте Шашубай Абайдың сатиралық дәстүрін жалғастырып қана қоймай, қазақ әдебиеті тарихында мысал айтысты шығарудың тамаша шебері ретіңде атағы шығады. Шашубайдың«Кәрі құда» өлеңі табиғат суреттерін дәл беріп, адам мінездерімен сәйкестендіре бейнелеу тәсілі жағынан Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» деген өлеңімен үндесіп жатыр. Шашубай ұлы ақын таланты алдында басын иіп, оған өлеңдер арнаған. «Ақын Абай» өлеңінде «Ақыл, ойың шалқыған дариядай, көркем тіл, шебер сездің сен бір кені» деп Абай талантының асқақтай түсетініне, данышпан рухының мәңгі жасай беретініне шек келтірмейді. Ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуына арналған «Іске асты, Абай, арманың» толғау өлеңінде Абайдай ғұлама ұстазын ұлтына нұр сепкен Шолпан жұлдызына теңеп, «Мен де сенен үйренгем, домбырамды серік қып» деп өзін ұлы ақынның шәкірті ретінде мақтан тұтады.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899