Аманжол Әлтаев
Айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев 1971 жылдың 31 тамызында қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1993). 1993 жылдан осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген. Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы. Қарағанды қаласында өткен "Арқа арулары мен сал серілері" сайысының (1990), жыр сүлейі Иса Байзақовтың 90 жылдық мерейтойына арналған (Павлодар, 1990), С.Сейфуллиннің 100 жылдық тойына арналған (Жезқазған, 1990) республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1990 жылы Қызылорда облысында өткен халық ақыны Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерекесіндегі, 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында болған атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған тойында, 1993 жылы Ташкент қаласында өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 жылы Қарағанды облысында ұйымдастырылған. Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 1 жыл толуына арналған айтыста, Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 1996) жеңімпаз атанды. 1995 жылы ұлы акын, ойшыл, Абай Құнанбайұлының ЮНЕСКО дәрежесінде өткен 150 жылдық мерейтойында, т.б. өткізілген республикалық ақындар айтыстарында жүлделі орындарды иеленді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
