Қалдарбек Найманбаев
1939 жылы 16 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын университетте оқып жүріп қазіргі «Жас Алаш» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып бастаған.
1970–1976 жж. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы, 1976–1984 жж. «Жалын» баспасының бас редакторы, директоры, 1984–1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1986–1987 жж. Республикалық авторлар құқығын қорғау агенттігінің директоры, 1987– 1988 жж. «Ара – Шмель» журналының бас редакторы, 1988– 1992 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1990–1993 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
1991–1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы. 1992–2004 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
«Даңқ тұғырында», «Қоштасқым келмейді, «Бастау», «Сол бір түн», «Үміт өткелі», «Беймаза қонақ», «Аптап», «Не хочу прощаться», «Ночная дорога», «Шілде» повестер мен әңгімелер жинақтары, «Ерлі-зайыпты екеуі және басқалары», «Біз сені күтеміз, Гүлзат», «Домалақ арыз», «Көктөбе», «От пен ойын» романдары жарық көрген. «Жаңа жыл алдында» атты пьесасы республикалық және облыстық театрларда қойылды.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1520
27.10.2026
865
28.10.2026
853
26.10.2026
771
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
