Қанафия Телжанов
Қанафия Телжанов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР өнерінің еңбегі сіңген қайраткері, профессор, бүгінде Өнер академиясында сабақ беріп жүрген қазақтың абыз суретшісі.
Қанапия Телжанов зиялы отбасында тәрбиеленген. Атасы Телжан көкірегі ояу, орысша-арабша білімі бар кісі ретінде ел есінде қалған екен. 1923-1924 жылдары Көкшетаудан он сегіз шақырым Қызылту ауылынан арнаулы төрт жылдық мектеп ашуға мұрындық болыпты. Әкесі Темірболат Петербург қаласынан политехникалық жоғары білім алған. Кейінде Орынбор мәслихатының мүшесі, Сібір өлкетану өңірінің «Кедейлер съезі» атты газеттің бас редакторы болады. Сонымен қатар, «Еңбекші қазақ» газетінде де редакторлық қызмет атқарады.
Қазақстан халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың Қанапия Телжанов туралы жазған қолжазбасына көз жіберіп көрейік. «XIX ғасырда Омбы қаласы мәдени орталықтың бірі болған. Темірболат Телжанов Омск қаласында көркемсурет техникалық училищесінде білім алған қазақ балалары М.Косшубаев, С.Сәрсенбаевқа көмек көрсеткен.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
