Таңдай Кенеев
Таңдай(Таң-Дой) Кенеев(1947-2008) - Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келген.
1970 жылы Қазақтың политехникалық институтын бітіріп, инженер-электрик мамандығын алып шығады. Еңбек жолын сол аталған жоғары оқу орнынан бастап, кейін Қазақ КСР ғылым академиясының Тау-кен институтында, Рудный, Хромтау қалаларында өндірістерде мамандығы бойынша көп жыл қызмет істеп, 1994 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде ұстаздық қызметке қайта оралды. Аға оқытушы, тау-кен факультеті деканының орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, Баспа орталықтың директоры қызметтерін атқарды. Техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
1980 жылдан бері әзіл-әңгіме, сатираға қалам тартып келеді. Алғашқы әңгімесі О.Әубәкіровтің алғысөзімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарық көрді. 1984 жылы «Нашар» атты әңгімесі конкурста жеңіп, «Ара» журналының лауреаты атанды. «Арман қанатында», «Көңілді көшенің жігіттері», т.б. жалпы жинақтарға енген. «Қисық шеге», « Қыңыр », «Ырың -жырың» атты жеке жинақтары жарық көрген. Техникалық жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Еңбекті қорғау» пәні бойынша бірнеше оқулықтар, оқу-құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың авторы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері (2008).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
