Басты бет
/
Авторлар
/
Ш
/
Шархан Қазығұл

Шархан Қазығұл

Қазығұл Шархан Нағыметұлы 1956 жылы 6 наурызда Қызылорда облысының Арал қаласында туған. 1981 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1982 жыл), Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі (2012 жыл), Қазақ ПЕН-клубының мүшесі (2022 жыл) және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2023 жыл). 

Шархан Қазығұл – қазіргі қазақ публицистикасында өзіндік стилімен ерекшеленетін танымал тұлғалардың бірі. «Нұр Астана» және «Айқара» республикалық басылымдары мен «Qogam.kz» порталы сияқты жобаларды жүзеге асырған журналист бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрінде өзін таныта білді. Ол елімізде PR-маман ретінде де танымал. Сонымен қатар 2009-2015 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде студенттерге дәріс оқыды.  

 Еңбек жолы

1981-1986 жылдары – Алматы облысы Іле аудандық газетінің тілшісі, жауапты хатшысы. 

1986-1990 жылдары – Алматы облысы Балқаш аудандық газетінің бас редакторы, Балқаш аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, Балқаш аудандық Кеңесінің депутаты.

1990-1994 жылдары – Алматы облысы Іле аудандық газетінің бас редакторы, Іле аудандық Кеңесінің депутаты.

1994-2001 жылдары – ҚР Премьер-министрі Баспасөз қызметінің консультанты. 

2001-2004 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы қоғамдық қатынастар департаментінің бас менеджері. 

2004-2007 жылдары – «Рауан» баспа үйі» ЖШС бас директоры–«Нұр-Астана» республикалық қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы. 

2008 жылы – «Айқара» республикалық қоғамдық-саяси апталығының құрылтайшысы және «Анар-медиа» ЖШС бас директоры. 

2009 жылы – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

2010-2011 жылдары – «Qogam.kz» қоғамдық саяси порталының бас редакторы.

2012-2019 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің сарапшысы. 

2019-2023 жылдары – Қазақстан Журналистер одағы Астана қалалық филиалының төрағасы. 

Кітаптары 

«Әлем әйнегіндегі әсемдік» (2002 жыл)

«Дүбәра дүние» (2006 жыл)

«Тоғыз тарау туынды» (2012 жыл)

«Оңашадағы онлайн ойлар» (бірінші кітап) (2016 жыл)

«Оңашадағы онлайн ойлар» (екінші кітап) (2020 жыл)

«Палитрасыз портреттер» (2020 жыл)

«Футбол философиясының фрагменттері» (2020 жыл)

«Күлпет» романы (2022 жыл)

«Izdirap» (түрік тіліндегі «Күлпет» романы) (2024 жыл)

«Мыслеформы в режиме онлайн» (2024 жыл)

«Шалахметов шеңбері» (2025 жыл)

«Сегізінші нота» публицистикалық кітаптары (2025 жыл)

Атақтары

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1987 жыл)

Қазақстан Журналистика Академиясы сыйлығы лауреаты (2003 жыл)

Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері  (2006 жыл)

«Меценат.кз» үздік роман әдеби сыйлығы тұңғыш лауреаты (2022 жыл)

Қазақстанның Құрметті журналисі (2023 жыл) 

Мемлекеттік наградалары

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2025 жыл)

Көп оқылғандар