Берімбай Ысқақұлы
Балалық шағы Қызылқайың ауылында өтеді.
1959 жылы Қызылқайың ауылдық орта мектепті, 1963 жылы Арханғай аймақтық мұғалімдер техникумын, 1972 жылы Уланбатыр қаласында Мұғалімдер институтын орыс тілі әдебиетінің мұғалімі мамандығымен бітірген.
1963-1967 жылдары Қызылқайың ауылында бастауыш сынып мұғалімі,
1972-1974 жылдары Өлгей қаласында 8жылдық орта мектеп директоры, 1974-1978 жылдары 1-10 жылдық мектепте ұстаз, 1978-1979 жылдары Украина елінде кәсіптік-техникалық училищеде аудармашы, ұстаз болып еліне оралып,1979-2003жылға дейін ұстаздық қызметін абыроймен атқарып зейнетке шыққан.
Ақын 2005 жылы тарихи атамекені – Қазақстанға қоныс аударып, Астанаға уығын шаншыған. Берімбай Ысқақұлы 1992 жылы I Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына қатысып, ақындар мүшәйрасынан бас жүлде жеңіп алып, марапатталған.
2002 жылы II Дүниежүзілік қазақтар құрылтайына екінші мәрте қатысып, ақындар мүшәйрасынан 1 орын иеленген.
Берімбай Ысқақұлының 20 шақты авторлық әндердің авторы. Ақын 2010 жылы 2 наурызда Астана қаласында дүниеден өтті. Сол жылы «Сезім селі» атты жыр жинағы жарық көрген.
Берімбай Ысқақұлының еңбегін Моңғолия мемлекеті жоғары бағалап, «Еңбек қызыл Ту», «Алтын Жұлдыз» ордендерімен, тағы басқа медальдарымен марапаттаған.
Артында 7 баласы қалды. Балалары Астана қаласында әр салада жемісті еңбек етуде.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
