Қайрат Дүйсен
Қайрат Әбсатұлы ДҮЙСЕН, ақын, сазгер, журналист. "Әлем халықтары жазушылары одағы" қоғамдық бірлестігінің президенті. Ол 1964 жылдың 7 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Журналистика факультетін тәмамдаған. Қаламгер аудандық «Ленин өсиеті» («Қазығұрт»), қалалық «Шымкент келбеті» газеттерінде әдеби қызметкер, Республикалық «Ауыл», Қазақстан жазушылар Одағы Басқармасының «Әдебиет айдыны» газеттерінде, «Зерде», «Дарабоз», «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарында әдеби қызметкер, бөлім редакторы, Қазақ радиосы мен «Хабар» телекомпаниясының Халықаралық «KASpionet» телеарнасында редактор болып еңбек еткен.
Еңбектері «Жас қазақ», «Жас қазақ үні», «Жас Алаш» («Лениншіл жас») «Айқын», «Қазақ әдебиеті», «Түрік әлемі» газеттері мен «Парасат», «Атажұрт», «Дарабоз» сынды көптеген журналдарда жарық көрген. Оннан астам әндері Қазақстан Авторлары қоғамында (ҚазАҚ) тіркелген.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1434
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
