Бауыржан Жонкешов
Бауыржан Жонкешов Сейсенбекұлы 1979 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қопа ауылында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары «Қайнар» университетінің филология факультетін бітірген. Жоғары оқу орнынан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына 2002 жылы қыркүйек айында кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. Осы жылдың желтоқсан айында аталмыш институттың аспирантурасына қабылданып, 2005 жылы аяқтады. 2006 жылы «Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносемантика)» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғаған. 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап Терминология бөліміне аға лаборант ретінде жұмысқа алынды да 2006 жылдың қаңтар айынан бастап кіші ғылыми қызметкері қызметіне ауыстырылды. 2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін ғылыми қызметкерлікке, 2008 жылдан бастап аға ғылыми қызметкерлікке ауыстырылады. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы.
2008-2010 жж. «Жас талант» степендиясының жүлдегері. 2009 жылы институттың ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ерекше еңбек сіңіргені үшін алғыс жарияланған.
Ғылыми зерттеу тақырыптар бойынша түрлі ғылыми жинақтарда, ғылыми журналдарда мақалалары жарияланып келеді. Сонымен бірге 1 монографияның, 2 тілдескіштің, 4 ісқағаздарды жүргізу үлгілері атты кітаптың, 20-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы. «Орысша-қазақша, қазақша-орысша қоғамдық ғылымдар терминдері сөздігінің» авторларының бірі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
