Сейілбек Исаев
Сейілбек Исаев (1938-1999) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Ресейде туған. Омбы педагогикалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1962-1988 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, деканы, кафедра меңгерушісі.
1988-1989 жылдары - Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
1989 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры болған. Ғалым тіл білімінің, жалпы түркітану саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Қазақ әдеби тілінің қалыптасып дамуын, тіл тарихымен қатар қазақ тілі грамматикасының теориялық мәселелерін зерттеп, іргелі ғылыми жобаларды іске асырған.
Сонымен қатар ол 1966 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» мен 1967 жылы шыққан екі томдық «Қазақ тілінің академиялық грамматикасы» авторларының бірі. Ы.Алтынсарин атындағы медальмен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1925
28.10.2026
1714
26.10.2026
1580
27.10.2026
949
26.10.2026
801
27.10.2026
799
28.10.2026
477
28.10.2026
460
28.10.2026
398
24.10.2026
396
25.10.2026
393
29.10.2026
355
28.10.2026
303
23.10.2026
259
21.10.2026
4387
22.10.2026
4240
20.10.2026
3378
07.10.2026
3293
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2576
05.10.2026
2293
09.10.2026
2292
30.09.2026
2176
08.10.2026
2133
15.10.2026
2126
28.10.2026
1925
