Сұлтанхан Жүсіп
Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы - әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист. 1962 жылы Түркістан қаласында туған. 1990 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
Ауғанстанда әскери борышын өтеген. Алматыда өрт сөндіру қызметінде, Политехникалық институттың зертханасында, Ақтауда кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс істеген. 1990-1995 жылдары ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1995-1996 жылдары Өнер академиясында кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, 1995 жылдан Прагадағы «Азаттық» радиосының тілшісі. 1997-2001 жылдары осы радионың Астанадағы тілшілер қосынының басшысы, 2001 жылдан Прагадағы қызметкері. 1991- 1994 жылдары ол Ресей мұрағаттарынан Ә.Бөкейханға қатысты мол мұра тапты. 1995 жылы зерттеутті Ә.Бөкейханның «Таңдамалысын» құрастырып, бастыртты.
Баспасөзде қазақ және орыс тілдерінде зерттеулер жазды. Осы жылы Алаш көшбасшысының шығармашылығы мен қайраткерлік еңбегі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жұмысының толық мәтіні «Жұлдыз» журналында 1996 жылы жарияланды. Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының құрастырушысы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
