Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сауық Жақанова

Сауық Жақанова

Қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақан Мәсіғұтқызы, 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жақанов Мәсіғұт, марқұм. Анасы - Жақанова Зайра, марқұм. 
 
 
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. 
 
 
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы - ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін»
 
 
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қомбаров Мәрлен, экономист. Ұлдары - Қомбаров Саян (1972 жылы туған), Қомбаров Ерлік (1981 жылы туған).

Көп оқылғандар