Гүлбақыт Қасенова
Гүлбақыт Қасенова Тоқтанқызы 1975 жылы 18 тамызда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген.І. Жансүгіров ат.Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультінде (1996 ж), Ө.Жолдасбеков ат.Құқық және экономика академиясының заң факультетінде (2011 ж) білім алған. 1995-2008 жылдары білім саласында, 2008-2015 жылдары Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында жауапты қызметтерде істеді.
Мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы болып істейді.
2014 жылы «Алуа», 2015 жылы «Бақыт гүлі», 2017 жылы «Құсқанаты» атты жыр жинақтары шықты. Өлең-жырлары «Жетісу антологиясы: Тау мен Өзен жырлары» (2017 ж.), «Алтын тұғыр» (2017 ж., 2018 ж.) жинақтарына енген.
«Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Сен менің еліме бар», «Жұматай – жыр қағаны» атты жыр жинақтарын, өңірдегі тіл мәселесіне қатысты «Тіл және Тәуелсіздік» кітабын құрастырған.
2011-2014 жылдары облыстық «Жетісу» телеарнасында «Асыл сөз» зияткерлік телебағдарламасын ұйымдастырып жүргізген.
1992-1993ж.ж. «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» байқауының, «Студенттер көктемі» фестивалінің, 1998-2000ж.ж. Көркемсөз оқу шеберлерінің, 2015 жылы өткен «Мағжан көктемі» ІІІ республикалық өнер фестивалінің, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен республикалық, «Ел мен Ер» атты халықаралық байқаудың жүлдегері.
2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1969
28.10.2026
1808
26.10.2026
1580
27.10.2026
955
27.10.2026
808
26.10.2026
802
28.10.2026
483
28.10.2026
483
29.10.2026
426
28.10.2026
405
24.10.2026
396
25.10.2026
393
28.10.2026
310
29.10.2026
288
21.10.2026
4387
22.10.2026
4241
20.10.2026
3379
07.10.2026
3297
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2577
09.10.2026
2293
05.10.2026
2293
30.09.2026
2176
08.10.2026
2134
15.10.2026
2126
28.10.2026
1969
