Дәнеш Рақышев
Дәнеш Рақышев (1926-1992) - әнші, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ән айту мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Оның әкесі - әнші, домбырашы, сырнайшы болған. Д. Рақышев әнші ақындар Әсет, Шашубаймен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды.
Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б. Майлиннің "Шұға" спектакльдеріндегі Әбдірахман, М. Әуезовтың "Еңлік-Кебегіндегі", Жапал, Қалқаманның бейнелерін жасады.
1959 жылы Қазақстанға келген соң Талдықорған халық театрына басшылық жасайды.
1968 жылдан Талдықорған облыстық филармониясының солисі. Оның репертуарында қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар әндері бар. М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды.
Оның репертуарында Үкілі Ыбырайдың "Аңшының әні", Әсеттің "Ардақ", "Мақпал", "Атым Әсет", "Хысмет", "Аха-ау, жалған", "Жайқоңыр" әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері болған. Р. "Шаттық толқыны", "Мақтанышты елім бар", "Жас қайрат", "Жер сұлуы Жетісу", "Комсомол", "Саясында алманың", "Жеңеше", "Туған жер", "Алматым", т.б. әндерін шығарған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
