Нұргүл Оқашева
Нұргүл Әбдімұратқызы Оқашева 1990 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Мергенсай ауылында дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында аталмыш ауылдағы №58 орта мектепте білім алады. 2008 жылы орта мектепті тәмамдап, Астана қаласындағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға түседі. 2012 жылы осы университеттің филология факультетін бітіреді. Астана қаласындағы «Топжарған» ақындар студиясының мүшесі. «Жүрегім жырдан ғана жаратылған» атты тұңғыш жыр жинағының авторы. Қызылорда қаласында өткізілген бірнеше облыстық мүшайраларының жүлдегері. Ақмола облыстық «Туған тілім – тірегім», «Наурыз – мерейлі мереке» атты жыр мүшәйраларының гран-при иегері. Бірнеше республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы. Фариза Оңғарсынова атындағы «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты республика ақын қыздары мүшәйрасының І орын иегері. Мұқағали Мақатаев атындағы «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық ақындар мүшайрасының бас жүлдегері. Өлеңдері «Көкшетау жас ақындар антологиясы», «Қызырлы Қызылжар», «Қызылжар жас ақындарының жыр кітабы» жинақтарына енген, республикалық «Үркер», «Жұлдыз», «Тұмар», «Қазақ әдебиеті» сынды т.б. басылымдарда жарияланып тұрады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде аға тілші болып жұмыс істейді.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
