Жангелді Немеребаев
Жангелді Немеребаев 1978 жылы Алматы облысы,Алакөл ауданында туған.Көлбай орта мектебін аяқтаған соң, Талдықорған қаласындағы Қанабек Байсейітов атындағы Саз колледжі мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің Мәдениет және Өнер факультетін тәмәмдаған. "Ақ қайнар сезім" атты жыр жинағы мен "Бір бейне" атты аудиожазбасы жарық көрген. Қалалық,облыстық мүшәйралардың бас жүлдегері.Республикалық байқаудың лауреаты. "Отан Патриоты" медалімен марапатталған. 2013 жылы Қазақстан Телерадиокомпаниясы мен ҚР Қорғаныс Министрлігі ұйымдастырған Тұңғыш Республикалық "Әскери Әндер" радиофестивалінде "Жауынгер хаты" әні "Үздік әскери" ән номинациясын жеңіп алған. 15-тей ән шығарған.Ел ішінде "Жан сері" атанған.Жырлары Республикалық басылымдарда жарық көріп тұрады.Әндері Қазақ радиосының алтын қорына қабылданған.6 әніне бейнебаян түсірілген. Еңбек жолын Алакөл ауданы Екпінді ауылында Мәлгәждар Әубәкіров атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.Үшарал қаласында "Балалар шығармашылық орталығында" ансамбль жетекшісі,Облыстық "Алатау" газетінде тілші, "Талдықорған Әуендері" фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінде басшылық еткен. Қазіргі таңда "Сүйінбай" атындағы Алматы облыстық филармониясында Музыкалық редактор қызметін атқарады.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4010
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1433
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4010
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
