Нәсіреддин Сералиев
Нәсіреддин Сералиев (25.10.1930, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қашқансу ауылы - 20.11.1984, Шымкент) - жазушы. Қызылорда педагогика институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1952). 1952- 1958 жылдары "Ленин жолы газетінде тілші, 1958- 1962 жылдары "Үгітші блокноты", "Ак желкен". "Балдырған" журналдарында әдеби кызметкер, 1962 - 1965 жылдары "Онтүстік Қазақстан" газетінің Кызылорда облысындағы меншікті тілшісі. 1964 - 1984 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі, жауапты хатшы кызметтерін атқарған. Шығармалары 1952 жылдан жариялана бастады. "Еңлікгүл" көркем фильмінін сценарийінің авторы ("Казакфильм". 1974). Орыс жазушылары А.П.Гайдардың, И.С. Котяровскийдің. С.А. Баруздиннің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
1. Үшталмаған Қарындаш.Әңгімелер. А, 1956;
2. Намыс. Әңгімелер. А., 1959: Ақ лақ пен қара лақ. Әңгімелер. А.. 1961;
3. Әнгелек. Әңгімелер. А., 1964;
4. Акбөпе. Повесгер. А., 1966;
5. Ақ қайың. Повесть. А., 1967;
6. Ыстық күлше. Повестер. А., 1969;
7. Қантар. Повестер. А., 1971;
8. Алтын ғұмыр, алғашкы махаббат. Таңдамалы шығармалар. А., 1975;
9. Дәукен атандын немерелері. Повестер мен әңгімелер. А. 1978.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1435
18.11.2026
1422
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
940
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4899
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
