Елдос Тоқтарбай
Елдос Нүсіпұлы ТОҚТАРБАЙ – балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017). 1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-ның филология факультетін, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистратурасын тәмамдаған.
Арқалық қаласындағы көпсалалы колледжінде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы, С.Сейфуллин музейінің Бас ғылыми қызметкері, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға сарапшысы, республикалық «Жас қазақ», «Ана тілі» апталықтары мен «Дәстүр» этнографиялық журналының Астана қаласындағы меншікті тілшісі, халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі және «саясат, жастар мәселесі» бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған.
Көркем әдеби шығармалары «Кәусар бұлақ» (2012), «Аңсар» (2013), «Балауса жырлар» (2014), «Тәтті алма» (2015), «Жетісуға құйылған жылғалар» (2017) сияқты ұжымдық жинақтарына енген.
«Мен де АрқМПИ түлегімін...» (2014), «Ақ желкеннің ұландары» (2015) прозалық кітаптары мен «Қайраткер, ғалым, қаламгер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» (2013), «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрме шығармашылығы және эмигранттық кезең» (Генезис.Эволюция. Поэтика) монографиясының авторы.
Шығармашылық жетістіктері: Республикалық «Журналист болғың келе ме?» (2010), халықаралық «Қаламгер Азамат» (2011), халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауы (2012), республикалық Т.Рымжанов атындағы шығармашыл жастар фестивалі (2013), республикалық «Аңсар» шығармашылық байқауы (2014), республикалық «Балауса» байқауының жеңімпазы (2014, 2015).
Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы» байқауының лауреаты (2016), Ғ.Мұратбаев атындағы Республикалық жастар сыйлығының лауреаты (2017), ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендияның иегері (2017), ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
