Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сұлтанмұрат Сабырұлы

Сұлтанмұрат Сабырұлы

Сұлтанмұрат Сабырұлы Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы, Талап ауылында туылып, ержетіп Орал пединститутын, бір мезгілде ауылшаруашылық техникумын тамамдап, еңбек жолын бөлімше агрономы болып бастаған. Содан соң Жәңгірхан атындағы мектептің, өндірістік оқу ісінің меңгерушісі, облыстық Орал өңірі газеті ауылшаруашылық бөлімінің қызметкері, жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаздық етіп сексеннен астам ғылыми-тәжірибелік еңбектер жазған. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.Аталмыш еңбек авторы жоғары оқу орындарында ұстаздық ете жүріп, "Целинный хлеб Казахстана", "Қазақстан тарихы", "Қазақстан астығы: кеше және бүгін". Ғылыми-тәжірибелік талдау тәрізді зерттеулерін, оқу-әдістемелік жұмыстарын жариялап үлгерді. Ұстаздың бұл оқулығы ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына өзіндік тартуы.
Жоғары оқу орындары студенттеріне, колледж оқушыларына арнап жазылған бұл оқулықта халқымыздың шығу тегі, тіршілік-тұрағы, кәсіп-қызметі, мәдени-нашығы, наным-сенімі, арман-қиялы, мұңы мен мақтанышы деректер дәйегіне сүйеніп жазылған.

Көп оқылғандар