Сәуле Ержанова
Ержанова Сәуле Баймырзақызы (22.08.1972 ж.т., ОҚО, Бәйдібек ауд., Алғабас аул.) – филол. ғыл. докт., (2010), профессор (2012), ХАА мүшесі, академик.
1994 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын үздік бітірген. 1994-1996 ж. Арқалық педагогикалық институтының оқытушысы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ ізденушісі, 1997-1999 жж «Рауан» баспасында бөлім редакторы. 1999-2001ж. «Дарын» ӘГИ аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент (2003 ж), 2004-2006 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында аға ғылыми қызметкер, 2010 жылдан Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ержанова Сәуле Баймырзақызы – жоғарғы оқу орындарында әдебиеттану ғылымының көкейтесті мәселелерімен айналысып жүрген теоретик-ғалым. Әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы - сөз өнері әрі ғылым ретіндегі оның ерекшелігіне сүйене отырып, халқымыздың көркем тарихымен сабақтастыра отырып, білім мазмұнын жаңарту, теорияны тәжірибемен ұштастыруды көздеу - ғалымның басты қағидасы.
Негізгі ғыл. бағыты – қазіргі қазақ поэзиясы. 2009 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері» атты тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 100 ден аса ғылыми мақалалары бар, оның кейбірі жоғары рейтингтегі халықаралық Импакт-факторлы-Tomson Reuters, Scopus журналдарында жарияланған. Қазіргі кезде 2 монография, 2 оқу құралы, 5 көмекші оқу құралының, 2 мультимедиялық-электрондыоқу құралдарының авторы. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін берілген «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2011) марапатталған. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2012).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
