Төлеген Қажыбай
Төлеген Сыздықұлы Қажыбай 1942 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданына қарасты Ортақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде бастаған. Кейін Целиноград облыстық «Коммунизм нұры» газетінде, облыстық телерадио комитетінде істеген. Көкшетау облысы тарағанға дейін облыстық газет редакторының бірінші орынбасары, облыс тарағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан», Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеттерінің Көкшетау қаласындағы тілшілер қосының жетекшіл қызметтерін атқарған. Қазір тәуелсіз «Бұқпа» газеті бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола филиалының төрағасы.
«Жолбасы», «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», «Қарасай дастан», «Сексен көл сылдыры», «Жыр-ғұмыр», «Айналайын атыңнан», «Құлан қырғыны», «Қан кешу», «Махаббат әні», «Жеті жыл», «Көкшетау қарлығаштары», «Ақиқат жолы алыс жол», «Самурайдың серт семсері», «Сәулем — менің ауылым» кітаптарының авторы. «Ұмытпа мені, Гәккуім», «Жындар биі», «Зауал», «Хан Кененің қазасы» драмалары Ақмола облыстық драма театрында қойылып жүр. «Сейіт-Бөкен», «Жәпек батыр» дастандары жарық көрген. 2006 жылы орыс тілінде «Путь к истине» деген атпен кітабы шықты.
Өлеңдері орыс, украин тілдеріне аударылған. Орыс, эстон ақындарының өлеңдерін қазақ тілше аударуға қатысты. 1980 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді. 1996 жылы Республикалық Журналистер одағының А. Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.
Қазақтың әйгілі ақыны Жақан Сыздықов, белгілі аудармашы Қажымұрат Сыздықов қатарлы шығармашыл әулеттен шыққан Төлеген Сыздықұлы ел мен жер тарихына, Көкшенің әйгілі тұлғаларына қатысты сүбелі туындылар жазып жүрген қарымды қаламгер.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1662
05.10.2026
1543
05.10.2026
1529
08.10.2026
1417
09.10.2026
1321
08.10.2026
803
08.10.2026
674
05.10.2026
649
05.10.2026
548
09.10.2026
528
09.10.2026
506
09.10.2026
207
18.09.2026
3167
21.09.2026
3153
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2285
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1901
27.09.2026
1749
07.10.2026
1662
25.09.2026
1610
11.09.2026
1569
05.10.2026
1543
