Бөлекбаев Сағади
Сағади Байұзақұлы Бөлекбаев (1946 жылы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Беріктас ауылында туған) – философия ғылымдарының докторы (1999 жылы), профессор (2000 жылы).
1973 жылы Қазақ Мемлекеттік Университеттің (қазіргі Қазақ Ұлттық Университеті) философия-экономика факультетін бітірген. 1973–80 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде, 1980–89 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетінде, 1989–94 жылдары Қазақ мемлекеттік архитектура-құрылыс институтында (қазіргі Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы), 1994–99 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 1999–2000 жылдары Орталық Азия университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі болды. Бөлекбаевтың еңбектері өтпелі кезеңдегі экономика мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік-философия мәселелерін зерттеуге арналған. 40-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монографияның авторы.[
Профессор Сағади Бөлекбаев – жарты ғасырға жуық ғұмырын ғылым мен ұстаздыққа арнаған белгілі ғалым, педагог, қоғам қайраткері, Саяси ғылымдар және Заң ғылымдары академияларының академигі. ҚР БҒМ-нің ұлттық сарапшысы, Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесшісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті сарапшылар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласындағы ақпараттық-талдау орталығының мүшесі болған.
Профессор Сағади Бөлекбаев шетелдік ғылыми орталарда да танымал тұлға. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі Чехия, Польша, Нидерланд, Германия, Пәкістан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан және т.б. елдерде жарияланған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2246
28.10.2026
2215
26.10.2026
1594
27.10.2026
982
27.10.2026
822
26.10.2026
818
29.10.2026
614
28.10.2026
547
28.10.2026
532
29.10.2026
516
28.10.2026
429
29.10.2026
405
21.10.2026
4393
22.10.2026
4261
20.10.2026
3386
07.10.2026
3299
15.10.2026
3218
20.10.2026
2935
09.10.2026
2891
16.10.2026
2582
05.10.2026
2303
09.10.2026
2298
28.10.2026
2246
28.10.2026
2215
30.09.2026
2178
08.10.2026
2136
