Жангелдин Әліби
Әліби Тоғжанұлы Жангелдин (1884, Торғай облысы, қазіргі Жангелді ауданы, Қайдауыл ауылы — 14 тамыз 1953, Алматы) — Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез, қазақ даласындағы алғашқы туризмге жол салушы.
Әліби Тоғжанұлы Жангелдин 1884 жылы Торғай даласының Қайдауыл ауылындағы кедей шаруа отбасында дүниеге келеді. Отбасында сегіз бала болыпты: үш ұл және бес қыз бала. Әліби баланың тұңғышы болғандықтан, әкесіне байдың қойын бағысуға көмектескен. Байлар малын шұрайлы Қайдауыл жеріне Әлібидің әкесіне қалдыратын. Мал бағудан бөлек әкесі жиі аңға шығатын және әрдайым ұлын бірге алып жүретін. Әлібиді бөдене, қаздарды атумен шынымен қызықтыратын. Қайдауыл өңірінде көп кездесетін ақбөкендер мен аққұйрықтарды да аулаған. Әліби жеті жасынан атқа шабатын.
Ерте жасынан Әлібидің оқуға деген зор ынтасы болды, алайда жақын арада мектептердің жоқтығы бұған кедергі болды. Бір күні Торғайдың бір мұғалімі Қайдауылға келді. Жас Әліби ұстаздың оқалы бас киіміне, алтын түймелі былғары бешпентіне, жалпы ісем киінгеніне қызығып, мұғалім болу деген ойы пайда болды. Торғайлық мұғалім оның есте сақтау және тез үйрену қабілеттерінің жақсы жетілгенін байқап мектепке шақырады.Әлібидің әкесіне бұл ой мүлдем ұнаған жоқ, оқу туралы тіпті тыңдағысы келмеді. Алайда көп ұзамай Әліби үйінен қашып, керуенге ілесіп Торғайға жетеді. Торғайда мектепке түсіп оқушылармен, мұғалімдермен танысып, достық орнатады, әсіресе жер аудартылған бір еңбек мұғалімімен өте тығыз, жай ғана мұғаліммен оқушы арасындағыдан әлде қайда артық достық орнайды. Дәл осы жерде ол аты аңызға айналған батыр Амангелді Имановпен бірінші рет кездеседі. Көп ұзамай әкесі оны іздеп тауып үйіне қайтарады.
- Үйінде болған кезде қазақ даласындағы орын алып жатқан әділетсіздікті көріп үйінен екінші рет қашып Қостанайға барады. Сол жерде өзінің ерекше есте сақтау қабілеті және Торғайда алған білімінің арқасында орыс-қазақ мектебіне түседі. Бұл кезде ол 12 жаста болған. Алайда, бұл жерде де әкесі тауып алып, үйіне қайтарайын деген кезде аса құрметті мектеп директорының сұрауы бойынша Әлібиді сол жерде қалдыруға келіседі. Бір ғана жыл ішінде бүкіл материалды меңгеріп, барлық емтихандарды үздік тапсырып, мектепті бітіреді.
- Одан кейін мектептің бағытымен Орынбордағы рухани консисторияға түседі. Бұл жерде де емтихандарда бағдарламадан әлде қайда ертерек тапсырып, Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясына кетеді. Кейін оны Мәскеу қаласындағы академияның тарих факультетіне аударады, бірақ та 1905 жылы революцияға қатысқаны үшін 2-ші курста оқудан қуылды.
- Дәл осы кезде Әлібиде бір дүниені, басқа халықтардын тұрмысын тануға деген құштарлық пайда болады. Сөйтіп 1910 — 1912 жылдары «Николай Степнов» деген атпен Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады.
Жангелдин естелігінен: "Жер дүниені айналу саяхаты төрт жылдан артық уақытқа созылды. Мен теңіз және темір жолдармен жүргенді есептемегенде, фотоаппаратымды арқалап, жаяу он екі мың шақырым жүріп өттім. Күндіз жүріп өткен жерлерімді суретке түсіріп, түнде оларды химикаттармен айқындап, шығарып отырдым. Дәрістер оқып, баяндамалар жасап, суреттер сатып, тамағымды асырадым. Мен жаяу Польшаны, Австро-Венгрияны, Сербияны, Болгарияны, Турцияны, Сирияны, Палестинаны, Африканы, Египетті, Абиссинияны басып өттім. Кері оралған жолымда айналып отырып, Араб түбегі, Мессопатамия, Персия, Үндістан, Цейлон аралы, Малая архипелагы, Үндіқытай түбегі, Сиам корольдігі, Аннам, Қытайдың оңтүстік бөлігі, Формозу аралы арқылы жүріп өттім. 1912 жылы Жапонияға жеттім."
- 1911 жылы Женевада В.И. Ленинмен кездесті.
- 1913 жылы Қазақстанға оралып, революциялық жұмыс жүргізді. Өкіметтің қуғындауынан Қырымға кетті, кейін Петроградқа ауысты.
- 1916 жылы Торғайға келіп, А. Имановпен бірге ұлт-азаттық көтерілісті басқарды.
- 1917 жылы Уақытша үкіметке қарсы күрес ұйымдастырды, бұқара халық арасында большевиктер идеясын насихаттады.
- 1917 жылы қарашада РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі Жанкелдинді Торғай облысының төтенше соғыс комиссары етіп тағайындады. 1-ші Торғай облысы Кеңестердің съезінің төрағасы.
- 1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болды. Ол халық арасында шебер ұйымдастырушы, жалынды насихатшы, әскери басшы және саяси қайраткер ретінде танылды.
- 1918 жылы В.И. Лениннің тапсырмасымен Астархан арқылы Ақтөбе майданына қаржы, қару-жарақ жеткізген отрядты басқарды. Қызыл Әскердің бөлімдерін ұйымдастыруға, Кеңес өкіметін нығайтуға іскерлік пен басшылық етті.
- 1919 жылы шілде — 1920 жылы қазан — Қырғыз-Қазақ өлкесін басқару жөніндегі соғыс революциялық комитет төрағасының орынбасары.
- 1920 жылы қазан айынан ҚАССР ОАК Төралқа төрағасының орынбасары және ҚАССР Қамсыздандыру хал-комы.
- 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі, 1951 жылы оның төрағасының орынбасары болды.
- 1920 жылы РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің және ҚАССРО мүшесі, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. РК(б)П 13-съезінің делегаты (1924).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды