Әлімқұлов Совет (1938–1987) 22 ақпанда Жамбыл облысы, Луговой стансасында туған.
1958 жылы Жамбыл қаласындағы мәдениағарту училищесін бітірген. Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор қызметтерін атқарды. Тырнақалды туындысы 1958 жылы Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде жарияланды.
1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген.
Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1964; Жайсаң жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күн көсем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Қыран. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Өрімтал. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Қол айна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Сыбызғы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Ықылас. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.
Қайнар көз: http://writers.kz